Алматыда инфекциялық ауруханаға 10 кереует сыйға берілді

1417

Чехия мен Польшада жасалған заманауи жабдық автоматты түрде реттегішпен жабдықталған.  

Алматыда инфекциялық ауруханаға 10 кереует сыйға берілді

 "АЯЛА" қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова Қазақстанда COVID-19 ауруымен күресуге көмек көрсету үшін құны 30 млн теңге болатын 10 жаңа заманауи көпфункционалды кереуетті Алматы қаласының Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне сыйлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің қор бұл жабдықты жансақтау бөлімінің коронавируспен ауырған науқастарға жылдам көмек көрсету үшін беріп отыр. Біз тек күш біріктіру арқылы ғана дәрігерлеріміздің жаңа вируспен күресте жеңіске жетуіне көмек бере алатынымызға сенімдіміз. Инфекцияны тек жабдықпен немесе қаражатпен ғана жеңе алмаймыз. Көбінесе бұл әрбір қазақстандықтың өзін-өзі оқшаулауға - COVID-19 таралуына қарсы іс-қимылдың неғұрлым тиімді тәсіліне жауапкершілік танытуына байланысты болады. Мен бүкіл қазақстандықтарға зор денсаулық, ал біздің құрметті дәрігерлеріміз-жұқпалы аурулар мамандарына – пандемияны тезірек жеңіп шығу үшін үлкен күш-қайрат тілеймін", – деді Айдан Сүлейменова.

Кереуеттер арқа секциясын амортизациялау арқылы өкпе мен жүрек реанимациясын жүргізуге мүмкіндік береді. Аккумуляторлық батареялар тіпті электр болмаған жағдайда да жансақтау іс-шараларын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу