Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған стационарлар жабылып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының азаюына байланысты, инфекциялық стационарлар, көпсалалы ауруханалар бұрынғы жұмыс режиміне ауыстырылуда. Оның ішінде, "Тері-венерологиялық диспансері", "Қалалық ревматологиялық орталық", "HAK Medical" клиникалық стационары, "Б. Жарбосынов атындағы ғылыми урология орталығы", "Astana International" қонақ үйі бар",- деді басқарма басшысы.
Бұған қоса "Халық арена" спорт кешеніндегі стационар науқастарды қабылдауды тоқтатқан.
"Спорт кешегі жаңа жылға дейін резервте болады. Егер, вирус жұқтырғандар саны күрт өссе, қайта ашамыз. Осы аптада кардиологиялық орталық пен жедел жәрдем ауруханасында ашылған провизорлық орталықтар да жабылады", - деді Нариман Табынбаев.