Алматыда инфляция деңгейі әлі де өсуі мүмкін

731

Қала әкімі Ерболат Досаев осыған қатысты болжамдарымен бөлісті, деп жазды inbusiness.kz.

Алматыда инфляция деңгейі әлі де өсуі мүмкін

"Жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының құбылмалылығы аясында жоғары инфляциялық күтулер әлі де сақталуда", – деді Досаев Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.

Ол Алматыда бағаның өсу қарқыны әлі де жоғары екенін атап өтті.

"Алты айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ды құрады. Жалпы Қазақстанда – 10,5%. Инфляцияға негізгі үлес, ең алдымен, азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты, ол 16,4%-ды, жылдық – 19,5%-ды құрады", – деді әкім.

Оның айтуынша, ең көп өсім қант бағасы екі есе, келісіне 560 теңгеге дейін, пияз (+90,2%, келісіне 156 теңгеге дейін, нан +18,3%, бөлкесіне 95 теңгеге дейін, сүт +18%, 328 теңгеге дейін байқалады. Олардың тұтыну бағасының индексіне қосқан үлесі 2,2 пайыздық тармақты құрады.

 "Бұл ретте жұмыртқа бағасының 0,4%-ға, 10 данасына 460 теңгеге дейін және сиыр етіне 0,9%-ға, 2 350 теңгеге дейін арзандады. Сары май бағасы 5,6%-ға өсіп, келісіне 3 400 теңге жетті. Осылайша, бағаның аздап өсуі байқалады", – деді Ерболат Досаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу