Алматыда инноваторлар арасында байқау басталмақ. Жоба авторлары өз еңбектерін қыркүйек айында автономдық кластерлік қорда таныстыра алады. Ең қызықтылары мемлекеттік қолдауға ие болады. Және инвестиция тартуға көмек берілмек. Жеңімпаздар арнайы аймақта орналасып, акселерация бағдарламасына қатысып, яғни бизнесін ілгерілетуіне мүмкіндік алмақ, деп хабарлайды almaty.tv.
"Осы жылы шашамен 20 жоба инвестиция алды. Соның ішінде біреуіне қаржы жуырда беріледі. Орташа есеппен олар қолына 30 мың долардан, 500 миллион теңгеге дейін алатын болады",- деді Автономдық кластерлік қорының басқарушы директоры Асқар Айтуов.
Жыл басынан бері ТехГарденге көмек сұрап, 20 адам жүгінген. Олардың кейбірі Алатау арнайы экономикалық аймақта жұмысын бастауға әзірленуде. Мұнда жас кәсіпкерлер үшін кәсібін жүргізуге оңтайлы жағдай жасалған. Соның ішінде салық мөлшері азайтылып, кеден мөлшерлемесі және нысанды жалға алу құны төмендетілген.