Алматыда инспекторлар балалар алаңындағы өрттің алдын алды

341

Көліктік бақылау қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етіп, өрттің таралуына жол бермеді.  

Алматыда инспекторлар балалар алаңындағы өрттің алдын алды Фото: ҚР Көлік министрлігі telegram

Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері патрульдеу кезінде балалар ойын алаңында шыққан өртті байқап, жедел әрекет етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Инспекторлар оқиға орнында дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, арнайы қызметтер келгенге дейін өртті сөндіруге көмектесті. Олардың шұғыл іс-қимылының арқасында тілсіз жаудың одан әрі таралуына және ықтимал ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды.

Мамандардың қырағылығы мен кәсіби дайындығы төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды.

Бұл оқиға Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігі мен кез келген жағдайда көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу