Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды

424

Олар Түркістан облысынан келген.  

Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топ құрамында құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел және 28 және 33 жастағы ер адамдар бар.

"Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 млн теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен.

Ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банктік шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесінің деректерін пайдаланған алаяқтарға емес, әпкесіне көмектескеніне сенімді болған", - дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алаяқтар Түркістан облысынан келген. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін сотталған.

"Қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу