Алматыда интернеттен тапсырма алған оқушы қыз мектепке балтамен барды

Бұл дерек бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.  

Алматыда интернеттен тапсырма алған оқушы қыз мектепке балтамен барды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Полиция кәмелетке толмаған жасөспірімнің әлеуметтік желілерден нұсқаулық алғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абырой болғанда, заңсыз іс-әрекет жасауға бекінген оқушы өз ойын жүзеге асыра алмады.

– Полиция қызметкерлерінің уақытылы қабылдаған шараларының нәтижесінде заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, оның жүзеге асуына жол берілген жоқ. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу