Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев айтты.
Ол 2023 жылдың наурыз айынан бастап мегаполисте инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін құрылым бар екенін хабарлады. "Almaty Business Development Company" "Алматы қаласының бизнесті дамыту компаниясы" ЖШС-де қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша алуға болады.
"Компания консультация беру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдесу және әкімшілік кедергілерді азайту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдауды уақытылы көрсетуге бағытталған", - деді Берік Солтанбаев.
Тиісті басқарма басшысы 2023 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 604,4 млрд теңгеге жеткенін атап өтті.