Алматыда ірі бизнес-орталықтың үстінгі қабаты сот шешімімен сүрілуде

174

Меншік иесі құрылымды әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұза бастады. 

Алматыда ірі бизнес-орталықтың үстінгі қабаты сот шешімімен сүрілуде Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардалық қабаты заңсыз салынған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі және 321-бабы бойынша шара қабылданып, үшінші қабат пен мансарданы бұзу туралы бұйрық берілген. Алайда меншік иесі бұл талаптарды орындамағандықтан, материалдар сотқа жіберілді.

2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен басқарманың бұйрықты мәжбүрлі түрде орындау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да 44 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара сүрілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу