ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан пошта арқылы жөнелтілген затты алған Алматы қаласының тұрғыны жалпы салмағы 866 грамм болатын “марихуана” есірткісімен ұсталды.
Ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде есірткі заттары, 5 дана электронды таразы, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға және орауға арналған құрылғылар тәркіленді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу