Алматыда ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

1245

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Түрксіб ауданында шенеунік пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған. 

Алматыда ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы пара алғаны үшін ұсталды. Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы 7 қыркүйекте департамент Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевты "Қазақ саңыраулар қоғамы" №2 оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры Л.Ы. Дауылбаевадан 3,7 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. Ол мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған", - деп жазылған inbusiness.kz редакциясына жіберілген хатта.

Сот шешімі бойынша Константин Воропаев 2 айға қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу