Алматыда ірі көлемдегі айыппұлын төлемей жүргендер іздестірілуде

962

Шаһарда "Борышкер" жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.  

Алматыда ірі көлемдегі айыппұлын төлемей жүргендер іздестірілуде

Мегаполисте 8-16 ақпан аралығында ірі көлемдегі айыппұлдарын төлемей жүргендерді анықтауға арналған "Борышкер" жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

"Шара аясында әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүргендер, көлік жүргізу куәлігінсіз, жалған нөмірмен темір тұлпар тізгіндегендер іздестірілуде. Әкімшілік заңнама ережелеріне сәйкес азаматтар 7 тәулік ішінде айыппұлды 50%-дық жеңілдікпен өтей алады. Қазіргі кезде инспекторлар электронды планшеттер арқылы борышкерлерді анықтап, көлік иелеріне ескертпелер беруде",– деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Қазіргі кезде борыншкерлер egov.kz электронды үкімет порталы, екінші деңгейлі банктер бөлімшелері, интернет банкинг пен qamqor.gov.kz сынды ұялы телефон қосымшалар арқылы айыппұлдарын төлей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу