Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылып жатыр

281

Тексеру кезінде нысан иесінің құрылысқа рұқсат беретін тиісті құжаты жоқ екені және жоба сызбасының қате болғаны анықталған.

Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылып жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай шағын ауданында, Жәңгір хан көшесі, 46-үйде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бұзылып жатқанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Осыған байланысты меншік иесіне (жеке тұлға) әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Бостандық аудандық сотына нысанды сүру туралы талап-арыз берілді. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процесі жүргізілді.

2023 жылы 15 тамызда Жоғарғы соттың қаулысымен алғашқы сот инстанциясының нысанды бұзу жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Кейіннен Алматы қаласы Әділет департаментінде орындау процесі басталды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу