Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі хабарлағандай, 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.
"Қоңырау 102 пультіне қыздың анасынан түнгі 01:40 минутта келіп түскен. Әйелдің айтуынша, қызы жанжалдан кейін үйінен шығып кеткен. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын ескеріп, арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды", – деді аталған бөлімшенің бастығы Елнұр Құдретбаев.
Спикердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы мен себептерін егжей-тегжейлі зерделеу барысында отбасының жақсы екендігі анықталды. Олар Алматы қаласында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тұрады.