Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды

206

Ол 12 мамырда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды Фото: volontery_almaty_lider.kz

Алматыда жоғалып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2002 жылғы Дамир Нұрбеделұлы 12 мамырда жоғалып кеткен. Сағат 11:30-да Медеу ауданы, Думан ықшамауданы, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша үйінен шығып, қайта оралмаған.

Бойы – 175-180 см шамасында, орта денелі, қара торы, шашы қысқа, көзі қоңыр.

Үстінде қара күрте, қара шалбар, қара кроссовка болған. Ұялы телефон да өзімен болған екен.

Еріктілердің айтуынша, жігіттің мәйіті 18 мамырда табылды. Алайда өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу