Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарасай ауданының Жібек ауылында тұратын 51 жастағы азаматтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының маңынан ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Жедел-іздестіру шараларының барысында 9 қарашада Криминалды полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", – деді ведомство.
Алдын-ала дерек бойынша марқұм ломбардта бағалаушы болып жұмыс істеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу