Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Александра Щербакова аман-есен табылды. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметіне сүйеніп, "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.
"Биыл 19 қазан күні із-түзсіз жоғалып кеткен Александра Щербакова табылды. 14 жастағы қызды кеше кешке Жетісу ауданы ІІБ қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері тапты. Оқушы қыз Алматы облысы Іле ауданындағы құрбысының үйінде болған. Кәмелет жасқа толмаған қыз ата-анасына қайтарылды", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу