Алматыда қағаз пакеттерін шығаратын зауыт ашылды

1585

Алматыда қағаз пакеттерін шығаратын зауыт ашылды

Алматыда құрғақ құрылыс қоспаларын қаптауға арналған қағаз қапшықтарын шығаратын зауыт ашылды, деп хабарлайды КазТаг.
Хабарда айтылғандай, Алматы bндустриалды аймағында "Almapack Co LTD" ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын бумалауға арналған қағаз қаптарының өндірісі бойынша зауыты іске қосылды. Бұл, есеп бойынша Алматы bндустриалды аймағының аумағында картридждер мен күн батареяларын шығаратын BRB APK жылыжай кешені мен DOC Co.LTD кәсіпорнынан кейінгі іске қосылған үшінші нысан.Құны 400 млн-нан астам тұратын зауыт жылына шамамен 6 млн қағаз қаптарын шығаратын болады. Бумаға құрылыс қоспалары мен ұлпалар дайындайтын Қазақстанның ірі компанияларының өнімдері салынып буылады. Almapack өнімнің мөлшері мен түрлері бойынша барлығы 300 түрін шығарып отыр. Кәсіпорын өнімді Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарықтарына экспорттауды көздеп отыр.
Компания директоры Ораш Сартаеваның айтуынша, зауыт бұрын қалада орналасқан, сонан соң кәсіпорынды bндустриалды аймақ аумағына көшіру туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Almapack өзінің өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік алды. Бұдан басқа, өнеркәсіп нысандарын көшіру қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ кәсіпорынның өзінің шығындарын инфрақұрылымдық ресурстарды жүргізуге, коммуналдық қызметтерге және электр энергиясына шығатын шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндігі пайда болады. Сонымен бірге, оның жанында магистралды көлік желілері және ұқсас кластерлік сектордағы басқа да түрлі пішімді кәсіпорындар орналасқан.
Бүгінгі күні, 40 компания bндустриалды аймақтың қатысушылары  болып табылатынын атап өтеміз, жоспарланған жеке инвестициялардың жалпы сомасы 191,3 млрд. теңгені құрайды, шамамен 5 мың тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу