Алматыда Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақ үй аукционға қойылды

348

Аукцион 25 қыркүйекте өтеді.  

Алматыда Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған қонақ үй аукционға қойылды Фото: irecommend.ru

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болып, кейін мемлекет меншігіне өткен Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақ үй кешені электронды аукцион арқылы сатылымға қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Лотты Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жариялады. Нысанның бастапқы бағасы – 12,7 млрд теңге. Кепілдік жарна 1,9 млрд теңге деп көрсетілген. Сауда-саттық 25 қыркүйек күні сағат 10:00-де басталады. Аукцион бағаны көтеру негізінде өтеді.

Қонақ үй кешенінің жалпы ауданы – 16196,4 шаршы метр. Ғимарат мегаполистің Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесінде орналасқан. 

11 қабаттан тұратын DoubleTree by Hilton қонақ үй кешенінде 112 бөлме бар. Бұдан бөлек кешенге spa-орталық, бассейн, ресторан, жаттығу залы, хаммам, үлкен банкет залы да кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу