Алматыда қала билігі мен кәсіпкер арасындағы дау ушығып барады

921

Салдарынан балабақша жабылып қалуы мүмкін.

Алматыда қала билігі мен кәсіпкер арасындағы дау ушығып барады

Түрксіб ауданында орналасқан мектепке дейінгі мекеменің аумағын ғимаратымен қоса Алматы билігі тартып алмақ болған. Қазір Түрксіб ауданының жекеменшігіне өтсе де, балабақша жұмысын тоқтатпаған. Себебі сот осындай үкім шығарыпты. Ендігі кезде қаланың қаржы басқармасы балбақшаға "Балапан" бағдарламасы бойынша ақша аударуды доғарған. Алайда себебін түсіндірмеген.

"Жауаптылар себепсіз және заңға қайшы әрекет жасап отыр. Балапан бағдарламасы бойынша келісімшартты үзуге қақылары жоқ еді. Олай жасайтын болса, бізге 1 ай бұрын хабар берулері керек. Бірақ олар олай жасамады. Бізге ол туралы хатты 28 қаңтарда алып келді. Ал балапан бағадрламасы 1 қаңтардан бастап жұмыс істемей келеді", – дейді балабақша директорының орынбасары Рауза Сүлейменова.    

Балабақшадағы 159 баланың 39-ы "Балапан" бағдарламасына ілінген.  Әуелгі кезде ақша бөлінсе, кейіннен бұл бағдарламаға аталған балабақша ілінбейді деп шешіпті жергілікті шенділер. Оның себебін түсіндірмеген. Қазір жекеменшік балабақша жабылса, мұнда мемлекеттік мекеме қызметін бастайды дейді білім басқармасындағылар. Ал  39 баланы басқа балабақшаға орналастыруға дайын екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу