Алматыда Қала күніне орай 265 отбасыға пәтер кілттері табысталды

807

Қала күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының әкімдігі кезекте тұрғандарға коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер берді.

Алматыда Қала күніне орай 265 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Алматы  әкімі Б. Сағынтаевтың атынан оның орынбасары Мұхит Әзірбаев кілттерді салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді. Баспана қаланың Түрксіб және Алатау аудандарында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған үйлерден берілді.

Пәтер кілтін алған кезекте тұрған 265 адамның ішінде 29 жетім бала, 122 көп балалы отбасы, 26 I және II топтағы мүгедектер, 51 толық емес отбасы мүшелері және басқалары бар.

Биылғы жылдың басынан бері мұқтаж 1012 отбасы баспаналы болды. 2020 жылдың соңына дейін "жұмыс жастары" санатына жататын 350 азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда; "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санатындағы 293 адам; 325 көпбалалы отбасы.

Сонымен қатар, "Бақытты отбасы" республикалық бағдарламасы аясында бір жыл ішінде мың отбасы, ал "Алматы жастары 3.0" қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша тағы мың жас отбасы несиелік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу