Алматыда Қала құрылысы кеңесі құрылды

535

Ол 1 тамыздан бастап жұмысын бастайды.

Алматыда Қала құрылысы кеңесі құрылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған. Онда сәулет саласы туралы сөз қозғай отырып, Алматы қаласын мысалға келтірген. 

"Оңтүстік астанамыз – көп адам үшін сүйікті қала. Қазір "нүктелі құрылыс", "нығыз құрылыс" деп атап жүрген жобалар Алматының ең басты мәселесі – сейсмиканы ескермей іске асырылып жатқан жобалар. Шектен тыс биік үйлердің көптеп салынуы сәулетшілерді ғана емес, қаланың қарапайым тұрғындарын да алаңдатуда", – деген Серік Сұлтанғали "неге бұлай жасалды" деген сауал қойды.

"Меніңше ең басты құрал – әкімдік жанынан жұмыс істейтін қала құрылысының кеңесі болған жоқ. Енді Алматының әкімі осындай кеңес құрды. 1 тамыздан бастап сол кеңес жұмыс істей бастайды", – деді одақ басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу