Бұл маршрут Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына жүреді. Жолаушыларға 10 автобус қызмет көрсетеді.
Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын маршрут ұйымдастырады. Бұрын 6 маршрут ашылды, қалған 3 бағыт әзірленіп жатыр.
Алматы мен Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу