Әлеуметтік желіде Алматының №1 қалалық емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады.
- Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мәйіт табылған жерде тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу