Алматыда қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі 30%-ға жаңартылды

742

Алматыда қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі 30%-ға жаңартылды

Қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі жаңа экскаваторлармен, автокрандармен, самосвалдармен және басқа да арнайы машиналармен жаңартылды, олардың бір бөлігі Қазақстанда шығарылған әрі сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейді, деп жазады strategy2050.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, "Алматы жылу желісі" ЖШС-ның автопаркі 200 техника бірлігінен тұрады, 30%-ға жаңарды, яғни 630 млн теңгеге 61 арнайы техника бірлігі алынды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын әрі сыртқа шығаратын "Тәртіп" АҚ автопаркі де 32 жаңа техника бірлігіне ие болды.

Жаңа техника Алматының жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қысқа мерзім ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқыс жағдайлар болған кезде мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Атап өтерлік жайт, "АлТС" автопаркінде алғашқы ассенизатор да пайда болды, соның арқасында ыстық суды сору кезінде апатты жағдайдың уақытын 15%-ға қысқартады.

Жылжымалы апатты зертханалар барынша үнемді әрі толық жабдықталған. Мұнда шағын электростанция, дәнекерлеуші агрегат, сорғы қондырғы сынды мүкаммалдар жеткілікті, ол Euro 4 стандартты бензинімен жүреді, сұйытылған газды да пайдалануға болады, барынша жіті қимылдайды және көшелер мен аулалардағы құбырлардың кемшіліктерін тез табады және жөндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу