Алматыда қаланың коммуналдық қызметінің көлік паркі жаңартылды

691

Алматыда қаланың коммуналдық қызметінің көлік паркі жаңартылды

Қаланың коммуналдық қызметінің автопаркі жаңа экскаваторлармен,  автокрандармен, самосвалдармен  және басқа да арнайы машиналармен жаңартылды, олардың бір бөлігі Қазақстанда шығарылған әрі сұйытылған табиғи газбен жұмыс істейді.

"Алматы Жылу желісі" ЖШС-нің автопаркі 200 техникадан тұрады, 30%-ы жаңарды, яғни 630 млн теңгеге 61 арнайы техника алынды. Қаттытұрмыстық қалдықтарды жинайтын әрі сыртқа шығаратын "Тәртіп" АҚ-ның автопаркі де жаңа 32 техникаға ие болды, деп мәлім етті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа техника Алматының жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қысқа мерзім ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқыс жағдайлар болған кезде мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Атап өтерлік жайт, "АлТС" автопаркінде алғашқы ассенизатор да пайда болды, соның арқасында ыстық суды сору кезінде апатты жағдайдың уақытын 15%-ға қысқартады.

Жылжымалы апатты зертханалар барынша үнемді әрі толық жабдықталған. Мұнда миниэлектростанция, дәнекерлеуші агрегат, насосты қондырғы сынды құралдар жеткілікті, ол Euro 4 стандартты бензинімен жұмыс істейді, сұйытылған газды да пайдалануға болады, барынша жіті қимылдайды және көшелер мен аулалардағы құбырлардың кемшіліктерін тез тауып, жөндейді.

Барлық техника GPS-навигаторымен жабдықталған. Бұл тәуліктік кесте барысында ақау болған жерді тез анықтауға және шақырылған мекенге жедел жетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні мегаполистің жылу желісінің ұзындығы 1200 км, оларға 53 көшпелі бригада қызмет көрсетеді. Бірыңғай диспетчерлік қызмет (109) апатты қызметтің жұмыс жеделдігін арттырды, қалалықтарға қызмет көрсету сервисін жақсартты. Жалпы, соңғы бес жыл ішінде қалада 125 км жылу желісі қайта жасалды, соның арқасында апатты 15%-ға, техникалық шығынды 7%-ға қысқартуға қол жетті.

Тұрмыстық қтатқыл қалдықтарды жинайтын және шығаратын "Тәртіп" АҚ-ның автопаркі де жаңа 32 техникамен жаңартылды. Инвестиция көлемі - 581 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу