Қазір қалада 18 арнаулы контейнер орнатылды, жақында тағы 22-сі орнатылмақ. Болашақта жобаның қамту ауқымы Алматының басқа аудандарына да кеңейтіледі.
"Бұл материалдардан өнеркәсіпте қолданылатын қайта өңделген талшық пен сүрту шүберектері жасалады. Сонымен қатар, жиналған киімнің шамамен 13%-ы қайырымдылық ұйымдарына беріледі, себебі олар әлі де киюге жарамды. Экологиялық бағалаулар бойынша жиналған көлемді қайта өңдеу 74 мың келіден астам CO₂ эквивалентінің ауаға таралуын болдырмауға мүмкіндік береді – бұл мөлшердегі көмірқышқыл газын бір жылда 3 730-дан астам ағаш сіңіре алады", – деп хабарлады әкімдіктен.