Алматыда "Кальмар ойыны" сериалындағы алып қуыршақ пайда болды

115

Ерекше инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып отыр. 

Алматыда "Кальмар ойыны" сериалындағы алып қуыршақ пайда болды Фото: kazinform

Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында әйгілі "Кальмар ойыны" сериалындағы Ён Хи есімді қуыршақтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.

Қалалықтар қуыршақпен суретке түсу үшін арнайы келеді. Назар аударарлығы – алматылық қуыршақтың түпнұсқадан сәл айырмашылығы бар: оның белдемшесінің төменгі бөлігі қазақы ою-өрнекпен безендірілген, бұл мүсінге ұлттық сипат беріп тұр.

Әйгілі "Кальмар ойыны" – 2021 жылы жарық көрген оңтүстік кореялық триллер жанрындағы сериал. Режиссері және сценарий авторы – Хван Дон-хёк. 

Сериал 2021 жылы 17 қыркүйекте Netflix платформасында жарық көріп, бірден әлемдік хитке айналды. Туындыда әлеуметтік теңсіздік, қарызға бату, лудомания сияқты тақырыптар қозғалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу