Алматыда 24 жастағы ер адам бір жарым сағат ішінде екі ұрлық жасаған, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"24 жастағы Н. есімді азамат қамауға алынды. Күдіктіден үш ұялы телефон тәркіленді. Олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Қаскөйдің базарлардың бірінде әрекет еткені анықталды. Бір жарым сағат ішінде ол екі ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Тәртіп сақшылары ер адамның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Ақпаратта көрсетілгендей, тергеу барысында ұсталған күдіктінің 7 ұрлыққа қатысы бары анықталып отыр.