Бұл туралы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту: қалың қар жауады деп күтілуде.
Алдағы екі тәулікте Алматыда ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады. Көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауға, шұғыл маневр жасамауға, жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде абай болуға шақырамыз.
Жұмысқа кешігіп қалмас үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығыңыз. Көшеде байқап жүріңіз", – деп хабарлады Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу