Алматыда еріктілер 17 жастағы қызды іздеуді жалғастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.
17 жастағы Айша Құрманбек 10 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Талдықорғаннан шығып кеткен. Еріктілердің айтуынша, қыз оңтүстік астанада.
- Белгілері: бойы 176-178 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара қысқа, көзі қоңыр.
- Үстінде қоңыр пальто, ақ шарф, қызыл күртеде болған. Өзінде ұялы телефон болған.
- Қыздың шамамен орналасқан жері белгілі - Райымбек көшесіндегі бизнес-парктің ауданы, 212.
"Біз сол аймақта тұратын немесе жұмыс істейтіндердің барлығына өтініш жасаймыз, жоғалған қызды табуға көмектесіңіз", - деп қосты волонтерлар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу