Алматыда "Каменск үстірті" шағын ауданында ауыз судың жаңа ұңғымалары пайда болады

374

"Каменск үстіртіндегі" үш ұңғыма ауданды ауыз сумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда "Каменск үстірті" шағын ауданында ауыз судың жаңа ұңғымалары пайда болады Фото: yandex.ru

Шағын ауданда су тапшылығы соңғы 5 жылда байқалады. "Каменск үстіртіндегі" үш ұңғыма ауданды ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ұңғымалардағы қысым деңгейі 2,5 есе төмендеді. Мамандардың пікірінше, бұл халықтың өсуі және тұтынудың көбеюімен байланысты. 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл ТЖ желісі бойынша екі жаңа су көзін (4 ұңғыма) жайластыру және іске қосу, сонымен қатар, халыққа су беруді ұлғайту үшін модульдік станциялары бар жаңа резервуарлар мен магистральдық құбырлар салу жөніндегі жобаны әзірлеу басталды. Жұмыс мамыр айында басталып, биыл желтоқсанда аяқталады. Бұл "Каменск үстірті", "Көлсай", "Юбилейный" және "Мұзтау" шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта тұрғындарға су беру проблемаларына байланысты күнделікті қосымша тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл жайт қала әкімдігінің бақылауында", делінген әкімдік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу