Алматыда "Каменск үстірті" шағын ауданында жаңа ұңғымалар салынады

422

Ұңғыма құрылысы шілде айында басталады

Алматыда "Каменск үстірті" шағын ауданында жаңа ұңғымалар салынады Фото: википедия

"Каменск үстіртіндегі" жер асты су көзіндегі (3 ұңғыма) су деңгейінің 2,5 есе (150-ден 60 куб метрге дейін) төмендеуіне байланысты Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар желісі бойынша шілде айында қосымша ұңғымалардың құрылысы басталады.

Соның нәтижесінде жыл соңына дейін халыққа су беруді арттыру үшін екі жаңа су көзі (4 ұңғыма), жаңа резервуарлар мен магистральдық су құбырлары салынады.

"Бұл келесі жылы "Каменск үстірті", "Көлсай" және "Юбилейный" шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Каменск үстірті" шағын ауданында 28,9 км тарату желілері салынғаннан кейін орталықтан сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қараша айында аяқталады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастау көзделген", - деді қала басшысы халықпен кездесуде. 

Бұл жобаны іске асыру қосу магистралын салу жоспарланған "Мұзтау" шағын ауданын сумен қамту мәселесін де шешуге көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу