Алматыда қанша сауда нысаны тоналды?

832

Ұрлықты көбінесе бұрын сотталмаған жастар жасаған.

Алматыда қанша сауда нысаны тоналды? Фото: Максим Морозов

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда нақты қанша сауда нысаны тоналғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Азаматтар мен бизнес субъектілерінің арыздары бойынша ұрлық пен тонаудың ең көп саны Алматы қаласында тіркелді: 2 мыңнан аса дерек, Алматы облысында – 204 дерек, Жамбыл облысында – 23 дерек. Дүкендер компаниялардың кеңселері, мейрамханалар және тағы басқа объектілер шабуылға ұшырады. Барлығы 1502 бизнес нысанын тонау фактісі тіркелді...", - деді Санжар Әділов ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде ішкі істер органдарының тергеушілері 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдаған.

"Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелді – 185 іс, Алматы облысы – 49 іс, Жамбыл облысы көліктегі полиция департаменті – 10, Қызылорда және Түркістан облыстары – 4. Тергеу материалдарын талдау барысында бөтен мүлікті ұрлағаны үшін ұсталғандардың көпшілігі алғаш рет заңды бұзған жастар екені анықталды. Мұндай адамдарға тергеушілер олардың жеке басын, оң сипаттамасын ескере отырып, бас бостандығын айыруды көздемейтін бұлтартпау шарасын қолданады. Осы негіздер бойынша және келтірілген залалды өтеген 326 күдікті қамаудан босатылды", - деді Тергеу департаментінің басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу