Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәліметінше, көтерме жеткізушілердің көмегімен қалаға қосымша 2,8 мың тонна қант әкелінді.
"Сондай-ақ "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ қалаға 136 тонна (2 вагон) қант бөліп, "ТойМар" желісінде сатылуда. Қазіргі таңда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін сауда желілері, базарлар мен сауда орындарына мониторинг күшейтілді. Үй жанындағы дүкендерге қантты тікелей жеткізуді ұйымдастыру үшін сенім телефоны іске қосылды. Осылайша, нарықтағы жағдайды тұрақтандыру, халықты қантпен қамтамасыз ету және шекті рұқсат етілген бағаны ұстап тұру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Қант бағасы қатаң қадағаланады", – деп жазылған хабарламада.