Алматыда қаңтар оқиғаларынан кейін 1640 ШОБ нысанына өтемақы төленді

Бұған 16,2 млрд теңге бөлінді. 

Алматыда қаңтар оқиғаларынан кейін 1640 ШОБ нысанына өтемақы төленді Фото: gov.kz

Қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Алматыда іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тапсырды. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, әкімдік 16,2 млрд теңге сомасында зардап шеккен 1640 кәсіпорынға келтірілген залалды өтеген. 

Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде -– 2023 жылдың 1 маусымына дейін алды. Ол бұл деректерді мәслихаттың VI сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

"Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал  бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу