Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі
221 патрон алынды.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару "қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу