Алматыда қаңтар оқиғасына ескерткіш қою үшін конкурс жарияланды

1792

Алматыда қаңтардың қайғылы оқиғаларына арналған ескерткіш орнатылады. 

Алматыда қаңтар оқиғасына ескерткіш қою үшін конкурс жарияланды Фото: sputnik.kz

Қала әкімдігі ескерткіш нысанының құрылыс тұжырымдамасына конкурс жариялады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы ашық конкурсқа өтінімдерді 10 ақпанға дейін қабылдайды. Байқауға жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдар да қатыса алады. Мемлекет басшысының Алматыға жақында жасаған сапары кезінде мемориалдық кешенде алматылық оқиғаларды мәңгі есте қалдыруды тапсырды. 

Конкурстың шартына орай ескерткіш қоршаған ортаға үйлесімді болуы тиіс. Оны жасағанда сапалы материалдарды пайдаланған жөн. 

"Конкурс қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия қабылдайды. Ескерткіш Сәтбаев көшесінің оңтүстігі мен Назарбаев даңғылының батысына қарай қалалық әкімдік жанындағы скверде орнатылады деп болжануда. Қосымша ақпаратты Алматы қ., Абай даңғылы 90, (3-қабат) мекенжайы немесе 8 (727) 240-80-00 телефоны бойынша алуға болады", – деп мәлім етті әкімдік баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу