Алматыда капрон шұлық шығаратын тұңғыш кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды almaty.tv.
Кәсіпорын қазір айына 60 мың дана шұлық өндіретін болса, келер айдан бастап 100 мың дана шұлық шығаруды көздеуде.
Мұндағы қымбат құрылғылар Италиядан әкелінген. Шұлық тоқитын жіптердің барлығы шет елден сатып алынады.
Бүгінде Қазақстанда капрон шұлыққа деген сұраныс жылына 80 млн болса, бұл өндіріс ошағы әзірге соның тек 2-ақ пайызын қамтып отыр. Дегенмен, болашақта өндіріс көлемін арттырып, бұл тауармен ел нарығын барынша қамтымақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу