Алматыда қар барысының муралы қалпына келтірілді

348

Муралды 2017 жылы Қала күніне орай бейнелеген суретшінің өзі қалпына келтірді.

Алматыда қар барысының муралы қалпына келтірілді Фото: Сoca-Cola

Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелері қиылысындағы ғимараттың қас бетіне салынған қар барысының суреті тура бастапқыдай қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, биыл мамыр айында муралдың орнына сусын жарнамасы пайда болған еді. Өндіруші-компания қоғам наразылығын тудырған жағдай үшін кешірім сұрап, қар барысының бейнесін дәл түпнұсқасы сияқты қалпына келтіруге уәде берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу