"Қазгидромет" РМК ұсынымы негізінде, сондай-ақ "БАО-Космостанция" автожолы учаскесіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы ТЖД және "Қазселденқорғау" ММ мамандары қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын ұйымдастырып өткізді, деп жазады inbusiness.kz .
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жарылыс әдісімен 8000 текше метр қар массасы түсіріліп, автокөліктің өтуі мен халықтың өтуіне қауіпсіздік қамтамасыз етілді.
Қар көшкінін түсіруге "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасының, "NORMAL WORK" ЖШС мамандандырылған ұйымының, "Апаттар медицинасы орталығының", ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, 1 кинологиялық есеп, барлығы - 31 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылған.
Жалпы, Алматы өңірі бойынша 165 көшкін қаупі бар учаскелер бар.