Алматыда қар көшкінінің қаупі туралы ескерту жасалды

618

Алматы қаласы маңындағы көшкін қаупі мен табиғи құбылыстар туралы ескертулер медиабордтарда жарияланатын болды, деп хабарлайды қалалық ТЖД.  

Алматыда қар көшкінінің қаупі туралы ескерту жасалды

Алматы қаласының негізгі жолдары мен халық көп жиналатын нүктелерде орналасқан медиабордтарда таудағы көшкін қаупі туралы ақпараттық хабарламалар мен ескерту роликтері іске қосылды. Халықты осылай хабардар етуге "Citix" компаниясы көмек көрсеткен. Компания 2021 жылдан бастап Алматы қалалық ТЖД-мен тығыз қарым-қатынаста еңбек етіп келеді.

Айта кетейік, алматылықтар көшкін қаупі туралы деректермен қазіргі таңда sms-хабарламалар, БАҚ және 70 ірі медиабордпен біріктірілген "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы хабардар болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу