Алматыда қар күреу жұмыстары жүргізілді

192

Түнгі уақытта қарды тазалауға 21 техника жұмылдырылды. 

Алматыда қар күреу жұмыстары жүргізілді Фото: Алматы әкімдігі

20 желтоқсан сағат 08:00-де жауа бастаған қар сағат 22:00-де тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сағат 21:30-ғы жағдай бойынша қалада қардың қалыңдығы 12 см-ге, ал таулы аймақтарда 18 см-ге жетті.

– Қала және тау бөктеріндегі аудандардың жолдарына мұзға қарсы материалдар себілді. Бұған 2 450 тонна материал жұмсалып, бірінші кезең сағат 16:30-да аяқталды. Күн батқан соң температураның 0°C-тан – 4°C-қа дейін күрт төмендеуі және қардың қатуы жолда мұздың пайда болуына әкелді. Осыған байланысты сағат 17:30-дан бастап қайталама өңдеу жүргізілді. 22:00-де жол бойын тазалап, мұзға қарсы реагенттер себу жұмыстары басталды. Барлық шара қала көшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үздіксіз жалғасып жатыр, – деп хабарлады әкімдіктен.

16 желтоқсаннан бері 46 мың текше метрден астам қар шығарылды.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 21 желтоқсанда түнде көшпелі бұлт шығып, аздаған қар жауады. Түнде ауа температурасы -8…-10°C. Күндіз -4 -6°C болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу