Алматыда қар тазалау жұмыстарына 1500-ден аса жұмысшы тартылды

550

Мегаполисте 4 желтоқсан күнінің сағат 17:30-да жауа бастаған қар әлі тоқтаған жоқ.  

Алматыда қар тазалау жұмыстарына 1500-ден аса жұмысшы тартылды

5 желтоқсан сағат 7:00-дегі жағдай бойынша шаһарға 4-6 см, таулы аймақтарға 8-10 см, тау бөктеріне 14-16 см ақ ұлпа түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, олардың қиылыстарына, жолайрықтарға, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себіліп, қар тазаланды. Мегаполисте бір күнде көктайғаққа қарсы 3556 тонна арнайы қоспа пайдаланылған.

Жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазарту жұмыстары да жалғасуда.

Қаладағы түнгі қар тазалау жұмыстарына 537 техника бірлігі, оның ішінде 200 құм лақтырғыш және 576 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылған.

5 желтоқсанға аталған жұмыстарға 574 бірлік арнайы техника мен 1190 жол жұмысшысын жұмылдыру жоспарланған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз -1, -3 градус, қар жауады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу