Алматыда қар тазалау жұмыстарына 400 млн теңге бөлінеді

1147

Алматыда қар тазалау жұмыстарына 400 млн теңге бөлінеді

Осы аптада Алматыдағы қарды тазалау үшін қосымша 400 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек үкімет отырысының видеоконференциясында мәлім етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қала әкімінің сөзінше, 16-20 қараша аралығында жауған қардың биіктігі шамамен 60 см-ден 80 см-ге дейін жеткен. Төтенше жағдайға сәйкес, қарды тазалау күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

"Қала аумағының үлкен екенін ескерсек қарды тасымалдау бойынша қиындықтар бар. Соңғы 4 тәулікте 95 мың кубометр қар шығарылды. Алдағы бір апта ішінде 250 мың кубометр қарды тазалаймыз деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс күндізгі және кешкі ауысым бойынша күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Қарды тазалау үшін осы аптада қосымша 400 млн теңге бөлінеді. Яғни біз жалақыны 20%-ға көтердік, қосымша жұмысшылар алдық", — деді Бауыржан Байбек.

Алматы әкімінің сөзінше, қаланы қардан тазарту үшін қаланың коммуналдық қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, аудандық әкімдіктер және жеке ғимарат иелері мен 800-ден аса жеке пәтер кооперативтері жұмыс істеп жатыр.

"Күн сайын 760 техника мен 1,6 мың жол жөндеу қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек қала кәсіпорындарынан 128 техника және 5 мыңға жуық адам іске қосылды. Бірінші кезекте әлеуметтік және әкімшілік нысандар, адамдар көп жиналатын орындар тазаланып жатыр", — деді Бауыржан Байбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу