Алматыда 19 наурыздан бастап карантин енгізіледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.
"Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішіндегі қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату. Негізгі шаралар: мегаполисті өзін-өзі оқшаулау және үй карантині механизмдері арықылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралардың жүргізу,көшелерді, тротуарларды жуу және дезинфекциялау арқылы жұқтыру органдарын бұғаттау", – деді шаһар әкімі тұрғындарға үндеуінде.
Сонымен қатар ол қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиологиялық дезинфекцияны күшейтіліп, іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жүргізілетінін жеткізді.
Табиғат Нұрболат