Алматыда карантин ережелерін бұзған 700 нысан анықталды

727

Ережені сақтамаған 642 кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтатылды.

Алматыда карантин ережелерін бұзған 700 нысан анықталды Фото: РИА Новости

Алматыда карантин ережелерін бұзған 700 нысан анықталды. Бұл туралы қаладағы арнайы тексеріс барысында белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Мамандар 6 мыңға жуық нысанға тексеріс жүргізген. Атап айтқанда, 2,5 мыңнан астам қоғамдық тамақтану орны, сауда және базар, 2 мыңға жуық сұлулық салоны, монша және мыңнан астам өндіріс орнына мониторинг жүргізілді.

Кәсіпорындарда қашықтық сақталмаған, антисептиктер болмаған. Кіреберістерде жылу өлшегіш жоқ. Сондай-ақ, қызметкерлер мен клиенттер маска тақпаған.

Ереже сақтамаған 642 кәсіпорын жұмысы уақытша тоқтатылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу