Алматыда көңіл көтеретін орталықтың карантин кезінде жұмыс істегені анықталды

914

22 адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. 

Алматыда көңіл көтеретін орталықтың карантин кезінде жұмыс істегені анықталды

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеп тұрған көңіл көтеретін орталық анықталды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"Орталық Әл-Фараби даңғылында орналасқан. Мекеме карантин енгізілгеніне қарамастан келушілерді қабылдаған. Полиция келген уақытта онда қызмет көрсетіп жүрген 10 адам, 12 қонақ болған. Келушілер мен қызметкерлердің арасында екі кәмелетке толмаған бала болды. Олардың бірі даяшы болып жұмыс істесе, екіншісі ересек достарының қасында болды. Олардың жасы 13-те. Жалпы саны 22 адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерді сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал кәмелетке толмаған екі баланың ата-аналары 422-баптың 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылады", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сонымен қатар, көңіл көтеретін орталықта жұмыс істегендердің арасында шетелдік азаматтар да болған . Өзбекстанның үш азаматы да еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 517-баптың 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу