Алматыда карантин күшейтілді

1192

Шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. 

Алматыда карантин күшейтілді

Алматыда коронавирустық инфекцияның "дельта" штамының тез таралуына байланыста Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес мегаполисте шектеулер күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

26 маусымда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Алматы 5 күндік "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Бір тәулік ішінде коронавируспен сырқаттанудың 217 жағдайы анықталды. 

Саябақтарға, скверлерге, хайуанаттар бағына, қала базарларына кіреберісте бетперде сату және қауіпсіздік шаралары туралы дыбыстық хабарлау ұйымдастырылуда, санитарлық патрульдердің жұмысы күшейтілді. 

Мегаполисте медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында 208 вакцина пункт і жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың саны 250-ге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Екпе салу жұмыстарына 1 256 адам жұмылдырылған, жалпы саны 307 екпе бригадасы қызмет атқарады. 

"Алматыда бетперде тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты қамтитын карантиндік шараларды қатаң сақтау, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарға бармаған жөн. Денсаулықты қорғаудың жалғыз жолы - вакцина алу", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу