Алматыда карантин күшейтіледі

1543

Халықаралық әйелдер күні мерекесінен кейін шаһарда эпидемиологиялық ахуал нашарлаған.  

Алматыда карантин күшейтіледі

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысынла жуырда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланатынын айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Кез-келген мерекелер қарым-қатынас пен байланыстардың артуына бастама болады. Осыған байланысты соңғы мерекелер де эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына ықпал етті. Сондықтан жақында шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар жасауға бағытталған Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланады", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу